RSS лента

«Игі істер марафоны» апталығы қарттарға арналмақ

  • 23.09.2024, 12:28,
  • 83
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарттар күніне арналған үшінші «Мейірімділік апталығы» өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

9 шілдеден бастап Қазақстанда мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрбір қазақстандықтың жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы басталды.

 

Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылды. Ол «игі істердің» жалпы санын есептейді. Бүгінгі таңда қазақстандықтар 2045 игі іс жасаған. Жалпы, іс-шараларға ел бойынша 24 мыңға жуық адамы қатысты.

 

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Желтоқсан айында белсенді қатысушыларды «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» секілді 10 номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости