RSS лента

Камера жол апатын азайта ма?

  • 30.07.2024, 14:06,
  • 548
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Үкімет басшысы отырыс барысында қала сыртындағы жолдардағы мобильді байланыстың нашарлығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атап айтқанда, «Қарағанды – Алматы» автожолында үш облыстың аумағы бойынша жалпы 500 км учаскеде мобильді байланыс жоқ. ЖКО кезінде зардап шеккендердің шұғыл көмек қызметтерін шақырта алмайды. Осыған байланысты ЦДИАӨМ қала сыртындағы автожолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдету қажет. Бұл туралы Primeminister.kz жазады.


«Жолдарда қауіпсіздікті бақылау үшін бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдар жетіспейді. Кей жерлерде олар  мүлдем жұмыс істемейді. Жол қауіпсіздігіне қатысты жағдай халықтың орынды наразылығын тудырады. Тек биылғы жылдың басынан бері азаматтарымыздан жол қозғалысына қатысты 50 мыңнан астам шағым келіп түсті. Өңір әкімдіктері елді мекендердегі құқық бұзушылықты тіркейтін камералар санын көбейтуі қажет. Республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді түрде пайдалану керек», — деп тапсырды Премьер-Министр.


Үкімет басшысы Олжас Бектенов жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін қосымша тапсырма берді:  

  • Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, әрбір өңір бөлінісінде жол апаттарына жан-жақты талдау жүргізуге тиіс. Осы негізде ең апатты учаскелерде жол қозғалысын қадағалауды күшейту, қажетті шараларды қабылдау керек.   
  • Оқу-ағарту, Туризм және спорт министрліктері мен әкімдіктер оқушыларды білім беру және спорттық іс-шараларға жіберу кезінде полиция қызметкерлерінің міндетті түрде жол бастап жүруін қамтамасыз етуі қажет. 
  • Көлік министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, жеке таксилердің, әсіресе олардың қалааралық маршруттардағы қызметін реттеу жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.  Тасымалдаушылар көбінесе жол ережелерін елемейді және төтенше жағдайлар тудырады. Өңір әкімдіктері Қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру жөнінде қосымша шаралар қабылдасын. Сондай-ақ тұрғындардың автожолдар маңында мал жаюға қатысты жағдайларға орай жұмысты күшейту қажет.
  • Ішкі істер, оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат Министрліктері, әкімдіктер жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруы қажет.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости