RSS лента

Алаяқ науқас балаларға жиналған 32 млн теңгені ұрлаған

  • 17.09.2024, 16:38,
  • 190
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Алматы полициясы 32 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ол әлеуметтік желіде науқас балалардың суретін жариялап, азаматтардан ақша жинаған.

 

Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол Талғар ауданындағы балалардың еміне қаражат жинауға көмек көрсету сылтауымен Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашқан. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.

 

– Алаяқ әлеуметтік желіде онкологиялық аурумен ауыратын балалардың суреттерін пайдаланып, жалған банк картасының деректемелерін орналастырғаны анықталды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде біз күдіктіні, яғни Шымкент қаласының тұрғынын анықтадық. Қазір 32 миллион теңгеден астам сомаға бастапқы шотқа 6 мыңға жуық ақша аударымы жасалғаны анықталды, – деп мәлімдеме берді Алматы облысы ПД. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости