RSS лента

Қарағандыда өте ақылды алаяқ анықталды

  • 21.08.2024, 16:11,
  • 765
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қарағандыда пәтерге күрделі жөндеу жүргіземіз деп елді алдап, 39 миллионнан астам шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы азаматшаны ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті. Қала тұрғыны өзін фирма өкілі ретінде таныстырып, әлеуметтік желіге пәтерлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп хабарлама берген. Олар өздерінің жұмысын арзан бағаға қойған. Аталған ақпарат жөндеу жасамақшы болған бірқатар қала тұрғындарының назарын аударған. Алайда, тұрғындар жарнама берушінің жөндеу жасау үшін алдын ала ақы төлеу керек екеніне еш күдіктенбеген. Бір тұрғын оған алдын ала 3 миллион теңге ақша аударса, екінші жағдайда қала тұрғыны 1 миллион 500 мың алдын ала ақша жіберген. Жәбірленушілер жарнама берушінің есеп-шотына бірнеше мыңдап қаражат аударған. Ақшаны алып алған алаяқ олармен байланысын үзіп, із-түссіз жоғалған.

 

Полиция қызметкерлері әккі алаяқты қолға түсіріп, оның осыған ұқсас 27 қылмысқа қатыстылығын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 39 миллион 400 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске нүкте қойылып, іс сотқа жолданды.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости