RSS лента

Мектеп жөндеуге бөлінген ақша қайда?

  • 05.09.2024, 11:27,
  • 94
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері қалалық білім бөлімінің №4 орта мектептің күрделі жөндеу барысына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Күрделі жөндеуді "Еңбек" ЖШС ағымдағы жылдың мамыр айында бастады және 4 айға созылып, ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Алайда, аяқталу мерзімі ұзақ болуда. Мердігердің айтуынша, жұмыстар қазан айының ортасына дейін жалғасады. ЖСҚ әзірлеуді, авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, күрделі жөндеуге 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

 

Мониторинг барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Мәселен, Тапсырыс беруші - №4 орта мектеп, мамыр және маусым айларында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, 561 млн теңге көлемінде соманы төледі. Алайда, визуалды тексеру кезінде еріктілер 5,1 млн теңгеге орнатылған жылу радиаторларын, 1,2 млн теңгеге қысымның төмендеуін реттегіштерді, 58 мың теңгеге ауа крандарын және басқа да жұмыстарды таппады. Сонымен қатар, ЖСҚ-да көрсетілген стяжканың орнына мердігер ағаш жабынды орнатқаны анықталды. Мердігердің айтуынша, ғимараттың тозуына байланысты Тапсырыс берушімен ауызша келісім жасалған.

 

Сондай-ақ, Тапсырыс беруші барлық есік және терезе блоктарын орнатуға ақы төлегенін атап өткен жөн, алайда бұл жұмыстар мониторинг кезінде әлі де жүргізілуде.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жұмыстарды сапалы орындау және объектілерді белгіленген мерзімде тапсыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости