Ағымдағы жылы қалада жеке инвестициялар есебінен 4 010 төсек-орынға арналған 7 жатақхананың құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 130 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана ашылады, онда педагогикалық мамандығы бар ұлттық жоғары оқу орындарының студенттері тұратын болады. Заманауи барлық жағдайы жасалған жатақхана бұрынғы ғимаратты қайта құру арқылы жасалды. Құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Барлық қажетті жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. Студенттерді жатақханаға орналастыру тамыз айының ортасында жоспарлануда.