RSS лента

Дағыстандық азамат «Алтын жұлдызбен» марапатталды (+видео)

  • 10.07.2024, 09:13,
  • 92
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Су тасқынына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде қол ұшын созған азаматтар қатарында дағыстандық Омар-Асхаб Ахмедов те болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ерен еңбегі мен жанашырлығы үшін ҚР Журналистер одағының «Алтын жұлдыз» төсбелгісімен марапатталды.

 

«Қазақстан Республикасы Журналистер одағы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма Қалусариеваның айтуынша, аталған марапат ҚР Журналистер одағының пилоттық жобасы ретінде биыл енгізілген.

 

- Осы марапатқа аймақтағы төтенше жағдай кезінде көмектескен дағыстан азаматын лайық деп таныдық. Ол қапшық жетпей қиналған шақта жомарттық танытып, өңірімізге деп арнайы 50 мың қапты әкелген азаматтың еңбегі елеусіз қалмауы тиіс. Журналистер одағының ұйымдастырған салтанатты шарасына Омар-Асхаб Ахмедовтың келе алмауына байланысты кейін марапаттауға тура келді. Бүгін өзі өңірімізге арнайылап келіп, «Алтын жұлдыз» төсбелгісімен марапатталды, - деді А. Қалусариева.

 

О.Ахмедовтың айтуынша, оған Атыраудан досы хабарласып, шұғыл түрде қапшық жетіспей жатқанын айтқан.

 

- Менде қапшықтар болды, бірақ жеткіліксіз еді. Ғаламтордан қарап, жағдайдың қиын екенін көріп, 2 мың шақырым жердегі Махачкала қаласына барып 50 мың қапшық тиеп, Атырауға қарай жол тарттым. Қаптарды аман-есен жеткіздім. Ертесіне түнде Атыраудан волонтерлар күтіп алды. Ата-бабаларым қазақтардың мейірімді, қолы ашық халық екенін жиі айтатын. Сол себепті көмектесуді басты парызым ретінде санадым. Ең бастысы - Атырау халқы аман, - деді О.Ахмедов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости