RSS лента

Шілдеде қазақстандықтарды не күтіп тұр?

  • 26.06.2024, 18:42,
  • 596
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Қазгидрометтің болжамы бойынша 2024 жылдың маусым айының соңғы онкүндігінде Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Елдің батысында ауа температурасы +18+25 градус аралығында болады. Солтүстікте ауа температурасының 33+38 дейін, орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +36+43 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров ОКҚ брифингінде хабарлады. Шілдеде айында елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ болжануда. Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр жекелеген күндері күтіледі. Шілдеде ыстық күндер салқын күндермен ауысыды.

 

«Негізгі температуралық фон батыста және оңтүстік аймақтарда +30+38 ыстық болады деп болжануда, кейбір күндері термометрлердің бағандары +40+45 градусқа жетеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында температура +25+38 градус шегінде болжанады. Жалпы 2024- жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы, көбінесе, көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, алайда атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаюда», – деді спикер.

 

Нақты қалыптасқан ауа райы жағдайларын және алдағы айдың болжамын ескере отырып, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында, Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандары, Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандары,  Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т. Рысқұлов аудандары, Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандары, Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары, Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандары мен  Атырау облысының басым бөлігінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі.

 

«Шілде айында бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногроск қаласында күтіледі. Қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдайға жуық болады деп күтілуде», – деді спикер.

 

Тамыз айында республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында болады деп күтілуде. Нормадан 1° жоғары – елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  болады. Тамыз айында елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық деп болжанады.  Нормадан көп – республиканың солтүстік-батыс бөлігінде, нормадан аз - елдің орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында жауады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости