RSS лента

«Qazaq сulture» бірегей жобасы таныстырылды

Автор фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігі

Мемлекет басшысы еліміздің мәдени мұрасын танытып, ұлттық брендті кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берген. Осы орайда ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Qazaq culture» сайты әзірленді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева ҚР ОКҚ алаңында мәлім етті. Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттық-танымдық платформасын құрудағы басты мақсаты елдің мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық брендті таныту болып табылады. Бұл сайт Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы тың мәлімет тарататын ақпарат көзіне айналмақ.

 

«Еліміздегі мәдени мұраның сан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның 6 тілі және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады. Ақпараттық порталда Қазақстанның бірегей мұрағат қорының дерегі ерекше орын алып отыр. Бұл ресурс Қазақстанның құжаттары мен мұрағат материалдарының бай тарихи жинағына қол жеткізуді қамтамасыз ететін бөлім – еліміздегі зерттеушілерге және елдің өткенінен хабардар болғысы келетін барлық азаматтарға таптырмас ресурс болып табылады», – деді спикер.

 

Сайттың негізгі бөлімі –   елдегі, әлемдегі барлық мәдени жаңалықтардан хабардар ететін жаңалықтар блогы. Бұл бөлімде қызықты фестивальдар, жәрмеңкелер, конкурстар, сондай-ақ театр қойылымдары мен отандық кинокартиналардың премьералары, танымал және жас жазушылар кітаптарының тұсаукесерлері, көркем көрмелер, мерейтойлық мерекелер, түрлі көлемдегі өңірлік жобалар жарияланады.


«Qazaq сulture» сайттын әзірлегенде, шетелдік қонақтарға басымдық берілді. Порталды ашқанда, ақпарат ең алдымен ағылшын тілінде шығады. Сондай-ақ сайттағы «Қазақстан мәдениеті жасанды интеллект призмасы арқылы» бөлімі виртуалды шындық арқылы барлық өңірлер мен олардың көрікті жерлерін зерттеуге  мүмкіндік береді.

 

«Өзіңізге белгілі, кез келген шетел азаматы алдымен бірден-бір елге бару үшін интернет порталға кіріп, сол арқылы барлық ақпаратты танып біліп, содан кейін елге барады. Бұл күнге дейін осындай сапалы заманауи сайт болмаған бізде.Тариxи көрікті жерлер немесе басқа да мәдени шаралар туралы бір сайтта шоғырланған портал бізде болмаған. Яғни бұл сондай порталдың бірден - бір үлгісі болып табылады. Порталда ақпараттық теxнологияларға ерекше мән беріліп отыр. Мысалы бір жерде отырып, басқа жердегі объектіні қарап шығу үшін осы сайттағы 3D-турлар картасы арқылы кез келген өңірді таңдап, оның мәдени мекемелерін қарап шығуға болады»,-деді ведомство өкілі.

 

Сонымен қатар «Qazaq сulturе» порталында арнайы чат-бот бар. Ол арқылы әр адам еліміздегі танымал жерлер, мәдени шаралар туралы сұрақ қойып, оның жауабын ала алады.


Мәдениеттің пайда болуы мен дамуының қызықты тарихы. Мұндай ақпарат шетелдік қонақтарға ғана емес, қазақстандықтардың өздеріне де қызықты болады. Ұлттық музей мамандарының көмегімен порталда экскурсиялық тур жасауға мүмкіндік туды. Бұл туралы «Qazaq culture» сайтының әзірлеушісі Мерей Зейнеш хабарлады.

 

Оның айтуынша, 10 минуттың ішінде әр адам қазақ мәдениетін зерттеп, дәстүрлері туралы ақпарат ала алады.

 

«Бұл бөлім оқиғаның басынан бастап қазіргі уақытқа дейін қамтиды. Ол интерактивті анимациялық түрде әзірленді, бұл бәрін жеңілдетіп, қызықты етеді. Біз «Мәдени мұра» деген ең үлкен бөлімнен мәдениеттің дәлелденген дереккөзін жасауға тырыстық. Мұнда ұлттық мұрағаттан алынған құжаттар бар. Қазақстанда түсірілген фильмдер, қазақстандық кино классикасы жиналады. Кез келген адам фильмографиямен таныса алады. Мәдени нысандар туралы ақпарат бар. Бұл ғалымдарға, студенттерге верификацияланған дереккөзден маңызды ақпаратты табу үшін өте қызықты болады», - деді спикер.

 

Келесі бөлім -3D турлар. Ол арқылы бірегей көрікті жерлерге, киелі жерлерге «баруға» болады. Мұнда маршрут бойынша кеңестер, сапарға дайындық жайында ақпар жинақталған.  Кейін сайтта көрсетілген орындарға тур сатып алу мүмкіндігі беріледі.


Айта кетерлігі, сайт отандық немесе шетелдік кинематографистер үшін пайдалы болуы мүмкін. Мәселен, порталда түрлі жанрдағы түсірілім орындарын табуға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости