Бүгін Астанада Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтіп, ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.
"Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.
Ұйымды 2015 жылдан бері басқарған Тимур Құлыбаев өз өкілеттігін тоқтатты.