13 наурызда Геннадийдің әлемнің «қарапайым» чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жегіне қатысты промоутерлік бәс сауда болуы керек еді, бірақ бүгін Головкин белбеуді босату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.«Геннадий Головкин ресми түрде әлем чемпионы титулын босатты, енді WBA чемпиондық комитеті бекіткен міндетті айқасқа қатыспайды. Енді WBA нұсқасы бойынша орта салмақта бір ғана чемпион бар, ол – кубалық Эрисланди Лара», - делінген қауымдастық мәлімдемесінде.
Өткен айда Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша да чемпион титулынан бас тартқан еді. Осылайша, GGG-де негізгі чемпиондық белбеулердің ешқайсысы жоқ. Тек IBO-ның екінші дәрежелі титулы ғана қалды.