RSS лента

Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған 17 жасар жігіт ұсталды

  • 16.02.2024, 12:18,
  • 360
  • 0
  • Автор:
Автор фото: t.me/knbgov_kz

Аталған азамат өткен жылы ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жасар тұрғыны ұсталды.


Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Айта кететіні, 2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.


Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости