RSS лента

Енді түрмелерде бейнебақылау жүйелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалады

  • 14.02.2024, 11:24,
  • 196
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Бұл мәселе Мәжілістің жалпы отырысында талқыланды, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша заңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бейнебақылау құрылғыларын қасақана бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осыған орай заңның мазмұны тек көші-қон саласындағы ғана емес, басқа да салалардағы заңнаманы қамтығандықтан атауы да өзгертілді.


Бұл қылмыс үшін жаза енгізу ұсынылады: сотталғандарға – негізгі өтеу мерзіміне қосымша 2 жылға дейін, қызметкерлерге – 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости