Бұл жобаларды экономика секторында коммерцияландыру арқылы іс жүзінде қолдануға болады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім етті. Ғылыми-зерттеу орталығы жобаларының бірі – «Үлкен деректерді талдау (Big Data) және Қазақстан туризмін әлемдік деңгейге жеткізу және жақсарту үшін саяхатшылардың пікірлеріне негіздеп мәтінді өңдеу».
Орталық қызметкерлері сентименталды талдау және статистикалық модельдеу (text analysis) әдістерін пайдалана отырып туризм саласының негізгі үш бөлігі – орналастыру орындары (Hotels and Hostels), тамақ және сусындар (Food and Beverage), сонымен қатар көрікті жерлер (Attractive places) бойынша Қазақстанда болған туристердің пікірі мен шолуына TripAdvisor платформасында мәтіндік талдау жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстандағы туристік саланың жай-күйі айқындалып, туризмді дамыту ұсыныстары әзірленеді.
Зерттеу жұмысы кезінде туристердің зерттеуі, пікірі, ұсыныстары мен қажеттіліктері анықталып, елішілік және халықаралық маршруттар бойынша нақты жоспар мен туристік ұсыныстар әзірленеді.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті (International University of tourism and hospitality) – туризм, қонақжайлылық және демалыс саласында халықаралық деңгейдегі білікті мамандарды даярлайтын Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік бейінді университет.