RSS лента

Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережесі күшіне енді

  • 28.08.2023, 14:32,
  • 405
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/joshuaworoniecki

1 тамыздан бастап шетелдіктер үшін туристік жарна төлеудің жаңа ережесі күшіне енді. Туристік жарна жергілікті мәслихаттар анықтайтын 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейінгі белгіленген мөлшерлемеде қолданылады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Егер шетелдік туристер бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда аз болса, онда мәслихат мөлшерлемені ең төменгі деңгейге дейін азайтуы мүмкін. Ал, туристер саны өссе, жарна мөлшерін 0,2 АЕК, 0,3 АЕК, 0,4 АЕК және 0,5 АЕК белгіленген сома шегінде ұлғайтуға болады.


Туристік жарна мөлшерлемесін маусымға байланысты, алайда жылына 2 мәрте ғана өзгертуге рұқсат беріледі.


Шетелдіктерден туристік жарна хостелдерден, қалалар мен аудандардағы жалдамалы тұрғын үйлерден басқа орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынады. Жарты күн үшін де жарна толық күн ретінде есептеледі.


Туристік жарна орналастыру орындарында тіркелген кезде төленеді. Ол тұру құнына қосылмайды.


«Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна осы жылдың басынан бастап алынады. Дегенмен, кәсіпкерлермен және қонақ үй бизнесінің өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша туристік жарнаның мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Бұрын ол АЕК емес, тұру құнының пайызымен есептелетін. Мұндай жарналар - шетелдік туристерге қолайсыздық туғызбайды, ал әкімдіктердің бюджетін толықтыруға мүмкіндік береді, бұл жалпы әлемдік тәжірибе. Қазіргі уақытта туристік жарна төлеуден босатылатын адамдардың санаттарын анықтау мәселесі пысықталып жатыр. Алайда, бұл заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді, сондықтан оған ұзақ уақыт қажет болуы мүмкін», – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости