Әлеуметтік желілерде және интернет-порталдарда Алматы облысының Талғар қаласында орын алған такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалдың бейнежазбасы белсенді таратылуда.
«Кейбір дереккөздер жанжалға қатысушылардың бірін, яғни жолаушыны Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы деп көрсеткен. Алайда, Алматы облысының Дін істері басқармасы видеодағы жолаушы имам болып табылмайтыны және облыс аумағында діни қызметпен айналыспайтыны туралы хабарлайды», – деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің хабарлауынша, ашулы азамат Талғар аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, партия қатарында болып шықты.