Министрліктің мәліметінше, ҰБТ басталғалы шекті балды 73%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65 балды құрады. Ең жоғары балл – 134.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» және «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17%-дан тапсырды. Сондай-ақ, ТОП-3 қатарына талапкерлердің 11% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 59 адам тапсырған.
«Бүгінгі таңда 63 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 43 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 20 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 2 аптада 158 талапкер қатысқан.