Министрліктің хабарлауынша, 27 желтоқсанда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілттерін табыс етті. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен полицейлердің автопаркі 44 қызметтік автокөлікке ұлғайды. Салтанатты тапсыру рәсімі Көкшетау қаласының бас алаңында өтті.
Салтанатты жағдайда жаңа автокөліктердің кілттері облыстық патрульдік полиция батальоны мен департаменттің арнайы бөлімшелерінің командирлеріне, сондай-ақ әкімшілік полиция басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының басшыларына табысталды.
Полицейлердің айтуынша, алдағы күндері Chevrolet Cobalt маркалы 25 жаңа патрульдік автокөлік облыстық және республикалық трассаларды алғашқы патрульдеуге шығады. Осы маркадағы тағы 7 автокөлік стандартты түрде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін ведомствоның жедел қызметтеріне берілді.
Сонымен қатар автопарк белгіленген стандарттарға толық жауап беретін, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған және Ақмола құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін Jac маркалы 5 көлікпен толықтырды. Полицейлердің арсеналында жаңа эвакуатор мен қызметтік иттерді тасымалдауға арналған көлік және арнайы бөлімшелерге арналған көлік бар.