RSS лента

Бірыңғай уақыт денсаулыққа әсер ете ме?

  • 08.12.2023, 23:33,
  • 667
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесінің маңызды құрамдас бөлігі - ұлт денсаулығы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұны Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы дөңгелек үстелге қатысушылар атап өтті.

 

Сарапшылардың айтуынша физиология – бұл жалпы тірі ағзаның және оның құрамдас бөліктерінің жұмысы мен қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, онтогенез процесінде және сыртқы факторлардың әсерінен ағзаның жұмысындағы өзгерістер туралы ғылым екенін мәлім етті.

 

Бұл – тығыз байланысты ғылыми пәндер кешені. Ұсынылған шешім және уақыт белдеулерінің азаматтардың физиологиясы мен денсаулығына әсері туралы "Астана" медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев айтып берді.

 

Арнайы жұмыс тобының мүшесі кез-келген өзгерісті организм стресс ретінде қарастыратынын түсіндірді. Спикер стрестің тек теріс әсері ғана емес, оң тұстары да бар екенін жеткізді.

 

«Мен медицина қызметкерлерінің басым бөлігінің және біздің Денсаулық сақтау министрлігінің көзқарасын білдіремін. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу - оң шешім. Бұл адамдардың денсаулығына елеулі әсер етпейтін, бірақ мемлекет пен халыққа көптеген экономикалық пайда әкелетін өзгеріс», – деп түйіндеді сарапшы.


ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, табиғи уақытқа жақын тұрақты уақыт белдеулерін пайдалану адамның денсаулығы, экономика және қауіпсіздік үшін маңызды.

 

Қоғам белсенділері, депутаттар, азаматтар осы тақырыпты уақыт ара көтеріп келді. Мәселені кешенді пысықтау үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды.

 

«Оның құрамына Фесенков атындағы астрофизикалық институт, Генетика және физиология институты, География және су қауіпсіздігі институты, Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депуттары және барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

 

Жұмыс тобының мамандары ғылыми дәлелдерге негізделген есеп дайындап, бекітті.

 

Айта кетерлігі, қазір Қазақстанда екі уақыт белдеуі бар. Ол - UTC+5  және UTC+6.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости