RSS лента

«Серпін» бағдарламасы бойынша 3200 жас маман міндеттемені орындамаған

  • 07.12.2023, 12:43,
  • 204
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сенат отырысынан алынған

Сенат отырысында Алишер Сатвалдиев бұл бағдарлама бойынша ЖОО бітірген жас мамандардың алдында тұрған проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Бағдарлама еңбек күші артық өңірлердегі жастарды оқытуға және оларды кадр тапшылығы бар өңірлерде жұмысқа орналастыруға арналған.


Алайда, бұл бағдарламаның түлектері жұмысқа орналасу кезінде қиындықтарға тап болуда, ал әкімдіктердің жұмыс берушілермен қарым-қатынасы әлсіз болып отыр. Сенатордың ақпараты бойынша 2020-2022 жылдар арасында «Серпін» бағдармамасы бойынша 8948 адам жоғары оқу орнын тамамдаған. Өкінішке орай 3200 жас маман міндеттемені орындамағандар санатында.


«Бағдарлама аясында  қолына дипломын алған әр үшінші түлектің жұмыс таппай тығырыққа тіреліп отыр. Көп жағдайда жолдама берілген мекемелерде шын мәнінде ол жұмыс орындары жоқ болып шығады. Басқа мекемелер жұмыс өтілінсіз қабылдамайды. Қабылдаса да 80-90 мыңнан жоғары жалақы төленбейді. Жатақханадан шығарылған, 100-120 мың теңгеге баспана жалдауға мәжбүр болған жастарға өз ауылдарына қайтудан өзге амал қалмауда.  Басым бөлік түлектердің өз өңірлеріне қайтып, онсызда еңбек күше артық жерлердегі жұмыссыздар қатарын көбейтіп отырғаны осыдан», - деді Алишер Сатвалдиев.


Сенатор осы проблемаларды шешу үшін жас мамандарды қолжетімді баспанамен немесе жатақханамен қамтамасыз етуді, 2 жылдық еңбек өтілі аяқталғаннан кейін тиімді шарттармен тұрғын үйді сатып алу үшін жағдай жасауды, жұмыс күші тапшылығы бар өңірлердің өндірістік ерекшелігіне қарай жаңа бағыттар мен мамандықтарды енгізуді ұсынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости