Сериалда 1980 жылдардың аяғында Қазандағы жастардың қылмыстық топтарының тарихы баяндалады. Сол себепті, Үкімет жасөспірімдерге теріс әсер етуі мүмкін болғандықтан, оның Қазақстан аумағында тыйым салыну ықтималдығы туралы айтты.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, мәселе зерттеліп жатыр, бірақ бұл тақырып төңірегінде әзірге үлкен толқу жоқ.
Өз кезегінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев:
"Біз зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымыз. Әрине, нөлдік төзімділік болуы керек. Бірақ аталған мәселеге қатысты зерттеу жүргізіліп жатыр. Білуімше, тіпті өндіруші ел де, яки Ресей, өз елінде көрсетілімге тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр", - деп түсіндірді.