RSS лента

Кабель сымдарын ұрлаған 5 күдікті ұсталды

  • 20.11.2023, 15:04,
  • 218
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/aitoff

Ақтауда кәріз сору станцияларының бірінен кабель сымдары және кәріз құдығының қақпақтары қолды болып, күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ сілтеме жасап. 

Келтірілген материалдық шығын 105 млн 237 035 теңге. Ұрлыққа қатысы бар 20, 21, 22 және 39 жастағы бес күдіктінің жеке бастары анықталды.


ҚР ҚК 188-бабы бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілердің барлығы УҰИ-ға қамауға алынды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости