33 және 34 жастағы екі жас жігіт әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған ресурстардың авторлары ретінде көпшілік арасында жақсы таныс.
2022 жылдың басынан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғауды ұран еткен ер адамдар Петропавлдың сауда нүктелерінде рейдтер жүргізіп отырған; блогерлер ретінде сауда желісі қызметкерлерінің қатысуымен арандатушылық сипатындағы бейнероликтер түсіріп, полиция мен өздері арасында жанжалды жағдайлар жасап отырған. Алайда олар желідегі аудитория арасында зор танымалдыққа ие болмаған; YouTube арнасы мен Instagram желісінде бірнеше мың жазылушысы бар, көпшілігі СҚО тұрғындары.
Арандатушылық пен жанжалдар кезінде мерзімі өткен өнімді сату фактісін желеу етіп жүрген. Алайда кей жағдайларда — шоколад, сусындар сияқты тауарлардың ақшасын төлемей өздерімен бірге алып кетіп отырған. Күдіктілер рейтдік шараларымен бірге мемлекеттік органдарға сауда орындарында анықталған заң бұзушылықтар туралы шағымдарды жіберген. Осындай әрекеттері арқылы бизнесті жоспардан тыс тексеруге себепші болды.
Қыркүйек айының басында жастар бопсалау арқылы сауда желісінің өңірлік директорынан өз әрекеттерін тоқтатуға 50 млн теңге сомасында ақша талап ете бастаған, алайда оларды СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсалау арқылы талап етілген соманың 5 млн теңге көлеміндегі бір бөлігін алып жатқан жерінде ұстады.