RSS лента

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

  • 08.11.2023, 12:12,
  • 192
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық ұсталып, Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Turantimes.kz Polisia.kz сілтеме жасап. 

Ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілді және “Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болды.


Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысқан. 


Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости