RSS лента

Түркиядан Астанаға 57 млн теңгеге контрабандалық бұйым әкелген

  • 20.10.2023, 12:41,
  • 345
  • 0
  • Автор:
Автор фото: yuvelirnye-ukrasheniya-v-turcii

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. 

ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері анықтағандай, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 млн теңгені құрайды.


Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.


Сот күдіктілерге 2 айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости