RSS лента

Әйелдің киімін киген ер адам пәтерлерді тонаған (+видео)

  • 02.12.2021, 03:06,
  • 1 337
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Polisia.kz

Әйелдер киімін киген пәтер ұрысы алматылықтардың үйінен құны төрт миллион теңге тұратын гауһар тасты ұрлап кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Оны ұстау іс-шарасын қалалық Криминалдық Полиция басқармасының және Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізген. Бірқатар ұрлық жасағаны үшін 1971 жылы туған Я. ер адам азамат ұсталды.

– Қаскөй басқа адамдардың пәтерлеріне кілтті таңдау арқылы кіріп, негізінен зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кеткен. Қаскөй бірнеше рет бейнекамералардың обьективіне түсіп қалған. Бір кезде күдікті іс-әрекетінің қолжазбасын өзгертуді ұйғарып, ұрлыққа әйелдер киімі мен паригін кие бастайды. Оның соңғы жасаған қылмысы қараша айының басында тіркелген. Жетісу-2 шағын ауданында пәтерден төрт миллион теңге болатын бағалы заттарды алып шыққан. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас сегіз оқиғаға қатысы бар екені дәлелденді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Ұсталған азамат – 50 жастағы Ресей Федерациясының тумасы, бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған. Күдіктіге қатысты тергеу мерзімінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталған адамның “қызметінің” қосымша эпизодтарын анықтау бойынша қажетті шаралар қабылдануда.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости