Қазақстан ТЖМ 45 адамнан құрылған күштері мен құралдары, олардың ішінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанның батысында Герат провинциясында бірнеше ірі жер сілкінісі болды. "Талибан" қозғалысының хабарлауынша 2440-тан астам адам қаза тапқан.