RSS лента

Жыл басынан өрт саны – 14%-ға, ал қаза тапқандар саны – 10%-ға өскен

  • 10.10.2023, 11:11,
  • 261
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Смайыловтың айтуынша, жылыту маусымы енді ғана басталды, алайда адамдардың өрттен қаза табу фактілері қазірдің өзінде бар.


Қазіргі уақытта газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау функциясы әкімдіктерге жүктелгенін еске салды.


«Алайда, олар әлі күнге дейін жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыра алмай отыр. Бұл салада білікті мамандар мен қажетті жабдықтар жетіспейді. Осыған байланысты, өңір әкімдіктері газ-техникалық инспекциялардың өкілеттіктерін кеңейту және оларды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуі қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау академиясының базасында осы салаға арналған кадрларды даярлау деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы керек», — деп атап өтті.


Жүргізілген талдау нәтижесі өрт оқиғаларының көбіне жеке тұрғын үйлер мен қора-жайларда орын алатынын көрсетіп отыр. Онда негізінен егде жастағы адамдар мен балалар қаза табады.


Осыған байланысты премьер-министр үйлерде газ датчиктерін орнату жұмыстарын және жеке тұрғын үй секторына рейдтерді күшейтіп, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі бойынша халықпен профилактикалық жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости