RSS лента

Қорғаныс министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

  • 07.06.2022, 10:07,
  • 2 355
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов кеңес өткізіп, оның барысында жазғы оқу кезеңінің басталуына байланысты міндеттерді нақтылады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік даярлықты қайта жаңғырту аясында сабақтарды сапалы ұйымдастыруға, жеке құрамның оқу бағдарламаларын толыққанды іске асыруына, оқыту процесіне барлық әскери қызметшілерді қатыстыруға назар аударды.


Әскери қызмет қауіпсіздігі жеке мәселе ретінде көтерілді. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери қызметшілердің жарақаттануы мен қаза болуы мәселелеріне тоқталды. Ол бейбіт уақытта мұндай фактілерге жол берілмейтінін және барлық лауазымды тұлғалар мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауы керек екенін атап өтті.


Әскери қызметтің тұтастай алғанда, қауіп төндіретін көптеген факторлармен байланысты екендігі атап өтілді. Сонымен қатар, армия қоғамның бір бөлігі болғандықтан, бірқатар жағымсыз құбылыстар азаматтық өмірден Қарулы күштердің қатарына ауысып жатады. Осыған байланысты жеке құрамның қаза болуы мен жарақаттану себептеріне жан-жақты талдау жүргізетін «әскерде нөлдік өлім-жітім» бойынша шаралар кешенін әзірлейтін жұмыс тобын құру тапсырылды.


Бағдарламаны әзірлеуге Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларын, ардагерлер ұйымдарын, білім беру және медициналық мекемелердің өкілдерін, психологтарды да тарту қажет. Осы бағдарламаны іске асырудың негізгі нысаналы индикаторы Қарулы күштерде қаза табу фактілерін толық жою болуға тиіс.


Кеңес барысында Қорғаныс министрі тілсіз жауды сөндіріп, жалын ішінде қалған адамды құтқару кезінде батылдық танытқан келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ефрейторлар Абылайхан Омаров пен Талғат Әбжановты «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен марапаттады. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов аталған әскери қызметшілердің төтенше жағдайда шапшаң қимылдап, дер кезінде көмекке келе алған ерлігін мысалға келтірді.


***


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды.


Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды.


Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады.


***


Әскери қызметшіні әлеуметтік қорғау – мемлекеттің басты міндеті. Сол себепті оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету басымдықтардың бірі болып табылады. Қорғаныс министрлігі бұл мәселеге бірінші кезекте назар аударады.


Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында қорғаныс ведомствосының басшылығы мен өкілдері бұрынғы әскери қызметшілермен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады.


2018 жылы тұрғын үй заңнамасына енгізілген түзетулерден кейін Қарулы күштерде 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет еткен адамдарға қалдық құны бойынша одан әрі жекешелендірумен тұрғын үйді айырбастау құқығы берілді. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендіруге жатпайтын тұрғын үйде 742 адам тұрған. Олардың 335-і өз құқығын пайдаланған. Олар қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіретін қалалық пәтерлерге ауыстырды.


Бүгінгі таңда тұрғын үй айырбастау құқығын пайдаланбаған зейнеткерлердің негізгі бөлігі Алматы, Гвардейск, Сарыөзек, Қапшағай және Жетіген гарнизондарында тұрып жатыр.


Олармен қорғаныс ведомствосының өкілдері белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуде. Соның нәтижесінде аталған адамдардың тұрғын үймен алмасу мәселесін шешуде оң өзгеріс байқалады.


Бұл мәселені шешу үшін Алматы гарнизонында 240 пәтерлік 2 тұрғын үйдің күрделі құрылысы басталды. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттаманы түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости