RSS лента

«Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің құрылыстары аяқталды

  • 04.10.2023, 14:39,
  • 422
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Тоқаев «Тұран» газ жылу станциясына барды, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Президент «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының, сорғы-сүзгі станциясының және үшінші ЖЭО-ның құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.


Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша:


«Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының және жалпы қуаты сағатына 700 гигакалорий болатын «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің құрылыстары аяқталғаны туралы мәлімет берді.


«Оңтүстік-Шығыс» станциясы Мынжылдық аллеясы, «Нұрлы жол» вокзалы, «Бағыстан» тұрғын алабы сияқты құрылысы қарқынды түрде жүріп жатқан аудандарды, ал «Тұран» станциясы қаланың сол жағалауында жаңадан салынып жатқан аумақты тұрақты жылумен қамтамасыз етеді. Аталған газ жылу станциялары биылғы жылыту маусымының басынан бастап іске қосылатыны жөнінде баяндады.


Жыл аяғына дейін үшінші ЖЭО-ның құрылысы аяқталады. 3 жаңа нысан қаланы қосымша жылумен қамтамасыз етеді. Оның қуаты – сағатына 1140 гигакалорий.


«Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңінің салынуы және «Тельман» жаңа газ жылу станциясы қуаты сағатына 850 гигакалорий болатын қосымша жылу береді.


«Ең алдымен, жобалардың сапасы жоғары болуға тиіс. Біз оны қадағалаймыз. Мұндай жобалар қалаға өте қажет. Мен бұл жерге осы мақсатпен келдім. Әр қалада үш негізгі мәселе бар. Олар – жылу, жарық және су. Тұрғындар бұл қажеттіліктермен міндетті түрде қамтамасыз етілуі керек. Оның үстіне, сөз елорда туралы болып отыр. Ешқандай кідіріс болмауға тиіс. Бұл, түптеп келгенде, біздің мемлекетіміздің беделі мен имиджіне қатысты мәселе. Сондықтан аталған мәселені бәріміз жұмылып, міндетті түрде толық шешуіміз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости