RSS лента

Астана қысқа дайын ба?

  • 18.07.2023, 19:48,
  • 345
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің бірқатар нысандары, оның ішінде газ жылу стансалары, ауыз су стансасы (3-ССС-ның 2-кезеңі), 3-ЖЭО және т. б. салынып жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек инфрақұрылым нысандары құрылысының барысын, жылумен қамту жүйелерінің алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылады.


2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық қарсаңында 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-дағы бірқатар қазандықтар мен турбиналарды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазірдің өзінде жұмыстың бір бөлігі аяқталған. Сондай-ақ 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО аумақтарында газбен жабдықтаудың сыртқы желілері салынды, 1-ЖЭО-дағы 10 қазандық агрегатының барлығы және 2-ЖЭО-дағы су жылыту қазандықтары күрделі жөндеуден өтті. Қазандықтарды күрделі жөндеудің негізгі бөлігі – табиғи газды немесе көмірді/мазутты жағуға арналған жанғыш құрылғыларды ауыстыру.

 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мен Астана әкімі «Астана-Энергия» АҚ нысандарын аралау барысында жабдықтардың тозуын азайту, елорданы сенімді энергиямен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға бағытталған жаңа технологияларды енгізу үшін іске асыру жоспарланып отырған перспективалы жобалармен танысты.

 

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету мақсатында екі газ жылу стансасы «Тұран» мен «Оңтүстік-Шығыстың» да құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың қуаттылығы құрылысы ұзаққа созылған 3-ЖЭО қуатынан асып түседі. Бұл газ жылу стансаларын ағымдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр.

 

Нысандарды аралау кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мен Астана әкімі жаңа ауыз су стансасының (3-ССС) жұмысымен танысты. Маусым айында 3-ССС жұмысының бірінші кезеңі іске қосылып, сонымен қатар Астана су қоймасынан тартылған су құбырының жаңа тармағының құрылысы да аяқталды. Бұл қаланы сумен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік берді. 3-ССС-ның екінші кезеңін осы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау аяқталып қалды. Бұл жобалар қаланы алдағы уақытта ауыз сумен қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндік береді.

 

Аралау барысында мердігерлердің алдына газ жылу стансалары, 3-ЖЭО, 3-ССС (2-кезең) құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау міндеті қойылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости