RSS лента

Скляр Ұлытау өңірінде жылу беру маусымына дайындықты тексерді

  • 24.08.2023, 14:38,
  • 395
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ұлытау өңіріндегі бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚҰ Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 



Роман Скляр «Жезқазған-Қызылорда» тас жолын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар стратегиялық нысандарды аралады. 

Өз кезегінде Жезқазған ЖЭО-да «Қазақмыс Энерджи» АҚ басшылары алдағы жылу беру маусымына дайындық және стансаны жаңғырту жоспарлары туралы баяндады.

Бірінші вице-премьер Жезқазған қаласындағы жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. 

Сонымен қатар облыс орталығын сумен қамту жобасы да талқыланды. Делегация Жезқазған қаласындағы «Ұйтас-Айдос» су құбыры және гидроцехының құрылыс алаңында болды. Жобалар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылып отыр (тиісінше 4,2 млрд теңге және 6 млрд теңге).

Р. Скляр Жезқазған қаласындағы көпқабатты 11 жаңа тұрғын үйдің (972 пәтер) құрылыс алаңында да болды. Нысандарды аяқтау келесі жылдың соңына жоспарланған.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары салалық Министрліктер мен Ұлытау облысының әкімдігіне жобалардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости