Мессенджерлерде қазақстандықтар сібір жарасын жұқтырған ет туралы ескертуде. Ол елордалық дүкендерге түскен екен, сондықтан жақын арада ет сатып алмаған жөн. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіе бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Ақмола облысында халық арасында сібір жарасы деген күдікпен 13 жағдай тіркелді: Жарқайың (11 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында. Олардың барлығы – Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан «Үшқарасу» ЖШС қызметкерлері. Зертханалық зерттеу үшін 32 сынама алынды, оның ішінде 21 ет сынамасы және сыртқы орта объектілерінен 11 сынама және 20 шайынды, соның ішінде 14 ет сынамасында сібір жарасына ПТР ДНҚ-сы оң болған. Барлық тексерілген ошақтарда қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеліп, жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылған жоқ», – деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметінен.
Ведомство өкілдері тұрғындар мен БАҚ-ты тексерілмеген деректерді жарияламауға шақырады, жағдай жауапты мемлекеттік органдардың бақылауында.