RSS лента

Колледж студенттеріне еңбек нарығына шығу үшін жағдай жасалады

  • 28.08.2023, 11:29,
  • 477
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/mohamed_hassan

Қазақстандық колледждер бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында студенттерге еңбек нарығына шығу үшін 3 біліктілікке дейін алу мүмкіндігі ұсынылады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру мақсатында басшылар мен олардың орынбасарларына біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысынан 30%-дан 100%-ға дейін материалдық көтермелеу қарастырылған.


Бұдан басқа, осы жылдан бастап 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, өндірістен тартылған педагогтерге аттестациядан өтпей-ақ «педагог-модератор» біліктілік санаты беріледі және еңбекақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 10 жыл өндірістік еңбек өтілі бар педагогтерге еңбекақыға 35% үстемемен сарапшы біліктілігі беріледі.


Дуальді оқыту 8 мың кәсіпорынның қатысуымен және 72 мың білім алушыларды қамтумен 558 ұйымда енгізілді. Колледждерге кәсіпорындардың шефтік қамқорлығы аясында 498 кәсіпорын 410 колледжбен меморандумға және келісімдерге қол қойды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости