2023 жылғы 21 тамызға дейін депозитті сатып алу немесе сату процесін іске қосқан банк клиенттері аталған күннен кейін Банктің осы сервисті ұсыну талаптарына сәйкес процестерді стандартты режимде аяқтау мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ банктің мәліметінше өз туыстарына депозиттерді беру Отбасы банкте әлі де қолжетімді екенін еске саламыз. Мұны тек Банк бөлімшелерінде ғана емес, сонымен қатар онлайн режимінде "Otbasy bank" мобильді қолданбасында да жүзеге асыруға болады. Рәсімге 5-10 минут уақыт кетеді.
Аталмыш қызметті туысқандардың келесі санаттары пайдалана алады: әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, ата-анасының бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, немере ағалары және ата-әжелері, немере ағалар, апалар мен нағашылар, немере ағалар және жиендер. Бұл ретте, «Otbasy bank» мобильді қосымшасында онлайн режимінде депозитті тек тікелей туыстарға – жұбайы, ата-анасы, балалары, асырап алушылары (асырап алынғандар), туған аға-інілері мен апа-сіңлілері арасында ғана табыстауға болады.
Банк бөлімшелерінде туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке (ерлі-зайыптылық туралы куәлік) және туыстық қатынасты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер, тегі мен әкесінің атының толық сәйкес келуі кезінде тегінің өзгергенін растайтын құжат – операция жеке басын куәландыратын құжат негізінде жасалады) қажет. Бұл қызмет аралық буын арқылы табыстау деп аталады.
Банк ақпаратына сәйкес, өткен жылдың алғашқы жартысында бұл мүмкіндікті 1647 адам пайдаланған. Биылғы жылдың дәл осы кезеңінде депозиттерді сатып алып, заем рәсімдеген бірегей клиенттердің саны екі есе азайып, 973 адамды құраған. Ал бірінші жартыжылдықта Отбасы банк 28 800 кредит берген.