Өйткені 10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) осы ағымдағы шоттарға түседі.
Теңгелік депозиттер бойынша сыйлықақы салымшылардың ағымдағы банк шоттарына аударылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (Отбасы банкінің) депозиторларына келетін болсақ, 10 пайыздық сыйлықақы олардың жинақ шоттарына аударылатын болады.
Банктер өтемақы төлеуге өтініштер қабылдауды 2023 жылғы 10 ақпанда аяқтады. Салымшыға 10%-дық сыйлықақыны оған депозит ашқан банк төлейтіндігі Қорда атап көрсетілді. Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жүргізіледі. Осы күні Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы да аяқталады. Сәйкесінше салымшы 2023 жылдың 24 ақпанынан бастап, өтемақы төленетін салымынан ішінара немесе толық көлемде ақша алуға құқылы.
Еске саламыз, сыйлықақының көлемі 2 млн теңгеден аспайды және ол 2022 жылдың 23 ақпаны мен 2023 жылдың 23 ақпаны аралығында шотта болған ең минималды сомаға есептеледі. Депозит бойынша өтемақы төлеу мерзімі, шарты және тәртібі Бағдарлама Қағидаларында жазылған. Құжатпен осында танысып шығуға болады.
Салымшылар толыққанды ақпаратты салымы орналасқан банктерден біле алады немесе сауалдарын info@kdif.kz поштасына, @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауға немесе 1460 тегін нөмірі арқылы ҚДКБҚ байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.