Әкім БАҚ өкілдерін өткен кәсіби мейраммен құттықтап, аудан бойынша алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Кездесу барысында әкім аталған ауданның тұрғыны болып табылатын бірнеше журналистің әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Бейбітшілік және келісім сарайынан бастау алып жаңа теміржол вокзалына дейінгі аймақта салыну жоспарланған «Мыңжылдық» аллеясы бойынша жауабы:
«Бұл жұмыс тек әкімдікке емес, құрылыс салушы мердігерлерге байланысты. Игерілмеген жерлер әлі де бар. Сондықтан, жеке менің ойымша, бұл жоба 5-6 жыл ішінде ғана толықтай аяқталады».
«Астана Триатлон саябағында» салынып жатқан жеке меншік мектеп бойынша шешім қала әкімі Жеңіс Қасымбекпен қабылданғанын ескеріп, ол жерде құрылысы аяқталмай қалған триатлон академиясына қарағанда қалада жетіспей жатқан білім ордасын салу тиімдірек екенін атап өтті.
Бұған қоса, саябақтарда балаларға арналған батут пен көліктерді жалға беретін жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтатып, «көздерін құртуға» уәде берді.
Сонымен қатар әкім алдағы уақытта әрбір 3 ай сайын журналистермен кездесу ұйымдастырып, аудан бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын екенін атап өтті.