Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен 2023 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, Құрбан айт 28 маусымда басталып, 30 маусымда аяқталады. Қазақстандықтар айттың бірінші күні демалады.
Ал елорда күніне орай 4 күн қатарынан демалыс болады. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 1 шілде – сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге ауыстырылды.