Журналистердің өрт сөндіретін ұшақтарға қатысты сұрағына: "Бізде тек 33 тікұшақ бар, олардың су төгетін құрылғылары бар, бірақ олардың шамамен 16-сы ғана өртті сөндіруге қабілетті. Қалғандары іздестіру жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы шыға алмайды, өйткені кейбірі бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан олардың тең жартысы үнемі жөндеуде болады. Ұшақтар жоқ, өйткені бұл үшін ақша сұрадық, бірақ берілмеді. Сондықтан біз әлі ұшақ сатып алған жоқпыз", - деп жауап берді Ибрагим Күлшімбаев.