RSS лента

Қазақстандықтарды шегірткені уламай, жеуге шақырды

  • 29.05.2023, 15:45,
  • 661
  • 0
  • Автор:
Автор фото: mavink.com

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында омарташылар шегірткемен күресу үшін егістікке химиялық у шашатындарға қарсы шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сөздерінше, химиялық қоспалар тек кәсіпке ғана емес, адамдардың денсаулығына да зиян. Тіпті зардап шеккен адамдар бар екен. Экологтар да бұл пікірді қолдайды. Себебі елімізде зиянкестермен күрес стандарттарын өзгерту қажет екен. Мәселен, шегірткені аулап, тамақ жасауға болады дейді. Ал шенділер химиялық удың табиғатқа да, адамдарға да зияны жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Шегіртке және өзге де зиянкестермен күрес омарташыларды алаңдатып отыр. Сөздерінше, жәндіктермен улау үшін қолданытанын химикаттар тек кәсіптеріне ғана емес, адамдар мен қоршаға ортаға кері әсер етеді.

 

Түркістан облысында шерітке мен шіркейді улау кезінде аралар қырылып қалған. Енді омарташылар келген шығынды есептеп жатыр. Оның үстіне адамдар да өздерін жайсыз сезінген екен. Жамбыл облысында да омарташылар зиянкестерді улау кезінде зардап шеккендерін мәлімдеді. Айтуларынша, бірнеше жыл бұрын егістікте тиісті жұмыстар жүргізілген соң кей адамдар кәсіптерінен айырылған. Қазір шенеуніктер зиянкестерді улау жұмысы басталмай тұрып алдын ала ескертеді екен.

 

"Бақылаусыз зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу, улы химикаттарды пайдалану үлкен зиян әкеледі. Әсіресе омарташылар үшін. Удың аты – у, барлығына бірдей әсер етеді. Бірақ ара сезімтал жәндік болғандықтан бірінші сезеді. Ал адамға кейін әсерін тигізеді. Ауру басталып, онкологиялық дертке шалдығуы мүмкін", – деді Жамбыл облыстық омарташылар ассоциациясының төрағасы Константин Кутасов.

 

Жамбыл мен Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы "Вантекс" препараты қолданылады екен. Шенділер химиялық қоспаның тексерістен өткені және адамдарға еш әсері жоқ екенін айтады.

 

"Препарат республикалық бюджет деңгейінде ауыл шаруашылығы министрлігімен сатып алынады. Қазір зарарсыздандыру жұмыстарында "Вантекс" препараты қолданылады. Одан келетін кері әсер әлі байқалған жоқ. Препараттың улылық деңгейі төмен", – деді ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл облыстық аймақтық инспекциясы басшысының орынбасары Кенен Дүйсенбеков.

 

Шенділердің сөзінше, шаруалар мен омарташыларға зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген аймаққа кем дегенде 1 апта жақындамау керегін ескертеді екен. Ал экологтар химиялық қоспалардың азық-түлік арқылы адамдардың ағзасына түсетінін айтады.

 

"Шаруаларға сұрақ. Олар адамдарды тамақпен қамтамасыз етеміз дейді. Ал бізді немен тамақтандырып отыр? Кез келген химия, кез келген қоспа адамға зиян. Мұнда басқа шараны да қолға алса болады. Мәселен, Африка елдерінде шегірткені түнгі уақытта аулайды. Кейін біз күнде тұтынатын гамбургерге тағамдық қоспа ретінде пайдаланады", – деді "ҚазЭкоПатруль" ұйымының басшысы Тимір Елеусізов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости