Көрмеде сатылымдағы тұрғын үй кешендерінің үздік нұсқалары ұсынылатын болады.
Құрылыс компанияларымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» МК және Қазақстан банктері ұсынылады. Олар қаржы бағдарламалары, жылжымайтын мүлік сатып алу шарттару туралы айтып, рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес береді. Көрме барысында толық ақпарат алып, тиімді бағамен пәтер сатып алу мүмкіндігі болады.
Бизнес-қоғамдастық үшін тиімді желі құру, тәжірибе алмасу және әлеуетті серіктестер мен клиент іздеуге жағдай жасалған. Оған қоса, көрме аясында құнды сыйлықтардың ұтыс ойындары өткізіледі.
Өтетін орны: Әлихан Бөкейхан көшесі 1А, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі.