Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е. Рыбакина жеңген еді.
Бірінші партияда Ига Швентек 4:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2.
Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен, Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).
Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.
Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Енд3 Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен таласады.