RSS лента

Павлодарлық оқушы АҚШ пен Катар университеттерінің грантына ие болды

  • 05.04.2023, 10:11,
  • 550
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pavlodarnews.kz

АҚШ пен Катардағы барлық университеттер Амира Артықбаеваға толық қаржылық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Turantimes.kz жергілікті Pavlodarnews.kz сілтеме жасай отырып. 

Павлодарлық НЗМ оқушысы Амира Артықбаева бірден 9 жоғары оқу орнына шақырту алды. Бұл –  «Лига Плющаның» Brown University мен Dartmouth, АҚШ-тағы Northwestern University, Williams College, Amherst College, Wellesley College, Colby College, Катардағы Carnegie Mellon Qatar мен Канададағы University of British Columbia. 


Ол – Павлодар қаласындағы NIS тарихында «Лига Плюща» университеттерінен шақыру алған алғашқы түлек. Сонымен қатар FLEX түлегі болып табылады. Бір жыл АҚШ-та тәжірибе алмасудың нәтижесінде әлемнің ең жақсы университеттерінен шақыртулар алуда. 


– Менің бұл университеттерге түсуім көп жылғы қажырлы еңбегімнің, отбасымның, достарымның, ұстаздарымның қолдауы және пәнаралық ғылымдарды зерттеуге деген құлшынысымның нәтижесі деп білемін. Мен әрбір шақыру үшін өте ризамын және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі өкілі болатыныма қуаныштымын, – дейді Амира. 



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости