Зеренді ауданының әкімдігі 28 наурыз күні сағат 12:00-де Ілиясов көшесінде орналасқан ұзындығы 200 метрден асатын жылу трассасының металл конструкциясы құлағанын хабарлады.
Жылу желілері арнайы металл конструкциялар бойынша 3 метрден астам биіктікте, сондай-ақ автомобиль жолдарының қиылысатын жерлерін қоспағанда, бетон жастықтарындағы учаскелерде жер бетінде өтеді. Бұл жылу желілері Гагарин, Верхняя, Чкалов, Элеваторная, Ілиясов көшелерінің учаскелерінде орналасқан.