RSS лента

Халықаралық бақылаушылар ел аралап жүр

  • 25.02.2023, 19:56,
  • 245
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ашық дереккөз

Ұзақмерзімді халықаралық бақылаушылар Маттиас фан-Лоуизен мен Мэри Блустокинг Атырауда болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олар «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауға дайындық, штаб және үгіт-насихат жұмыстарымен танысты. Партия филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов байқаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.


Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауалды штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Айталық, «ақжолдықтар» Абай орталығында параволейболшылар және спорт ардагерлері, спорт мектептері басшыларымен кездесті. Оған штаб мүшелерімен бірге мәслихаттар депутаттығына үміткерлер де қатысты.
Мұнда параволейболдан облыстық турнир өтіп, онда төрт команда бақ сынады. Жеңімпаздарға кубок табысталды.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости