RSS лента

Биыл өңірлік IT-хабтар ашылады

  • 17.02.2023, 16:26,
  • 449
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Астана хабтың өңірлік технопарктер құру жəне қолдау тəжірибесін барлық өңірлерге таратып, аймақтардағы таланттарды дамыту көзделген. Хабтарды Қазақстанның əр аймағында жеке меншік əрі өңірлердің техникалық жоғары оқу орындар негізінде құру жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі IT-саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов хабарлады.


«Басты мақсат – барлық таланттарға бірыңғай инфрақұрылымды қол жетімді ету. Бұл жастардың идеяларын іске асыруға жəне əлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік жасайды. Атап айтқанда, өңірлік хабтарда технологиялық кəсіпкерлікті жетілдіру жəне IT экспортты арттыру үшін жыл сайын акселерациялық жəне білім беру бағдарламалары ашылады. Былтыр, пилоттық жоба ретінде еліміздің 10 қаласында бизнес-инкубаторларды қолдау бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл бағдарлама жастарды технологиялық кəсіпкерлікке бағыттауға жəне қолдауға бағытталған. Инновацияны жандандыру мақсатында осы өңірлерде қажетті инфрақұрылым ұйымдастырылды жəне министірліктің бағдарламалары туралы арнайы таныстыру іс-шаралары өткізілді. Биыл өңірлік хабтарды дамыту тұжырымдамасы дайындалып жатыр жəне 7 өңірлік IT-хабтың ашылуы жоспарлануда», - деді спикер.


Е. Ермановтың айтуынша, Astana Hub халықаралық экожүйе ретінде өзінің маңызды екенін көрсетті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 320 шетелдік компания Astana Hub-қа тіркелуге өтініш берді. Нəтижесінде 166 мекеме Хаб резиденті атанды. Шетелдік қатысушылардың бизнес-жоспарларына сəйкес 2023 жылғы жалпы экспорттық түсім 200 млрд теңгені құрайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости