Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 200-ге дейін COVID-19 жағдайы және теріс ПТР нәтижесі бар 10-ға дейін COVID-19 жағдайы тіркеледі.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Осыған сүйене отырып, ҚР-да коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады.
Бөлінген штамдардың соңғы реттілігі республикада 100% жағдайда Омикрон нұсқасының айналымы анықталғанын көрсетті. Таратылған ақпаратқа бойынша Қазақстанда Омикрон ХВВ нұсқасы анықталмағанын айта кеткен жөн.
Зерттелген үлгілердің 99,9%-ын құрайтын Омикрон нұсқасы әлемдегі басым штамм болып қала береді.
XBB нұсқасына келетін болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес 2022 жылдың қазан айынан бастап әлемнің 38 елінде анықталған Омикрон нұсқаларының бірі, науқастардың ең көп саны Америка Құрама Штаттарында анықталған.
Аурудың клиникалық ауырлығы мен эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша зертханалық зерттеулер жалғасуда. ДДҰ ХВВ нұсқасын зерттеу мен эпидемиологиялық бақылауды жалғастыруда.
Коронавирус айналымының жалғасуын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі мындай кеңес береді:
- уақтылы вакцинациялау мен ревакцинациялау алу;
- халық көп жиналатын жерлерде маскаларды пайдалану;
- адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
- қолды тазалау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды пайдалану.