.
Биыл күзде болатын мәжбүрлі вакцинациядан бастайық. Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. Ол ерікті түрде жүргізіледі. Осы күнге дейін халықтың 50.8% егілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Қазақстанда міндетті вакцинация жоқ, өйткені бұл мемлекет заңнамасының барлық нормаларына қайшы келеді деп мәлімдеген болатын.
Адамдарды мәжбүрлеп эвакуациялау туралы теорияға келетін болсақ, ол Қазақстанда өткен жылы, халық санағы кезінде кеңінен таралды. Адамдар санаққа қатысқандарды белгісіз бағытта мәжбүрлеп алып кетеді деп жазды. Біз бұл қауесеттерді жоққа шығардық.
Сонымен қатар, бүгінде санақтан кейін бір жылға жуық уақыт өтсе де, ешкімнің ешқайда мәжбүрлі түрде эвакуацияланбағаны анық.
Хабарламаның үшінші тармағы – бұл Қазақстанда концлагерлердің болуы. Бұл фейк 2020 жылы, COVID-19 пандемиясының басында тарады. Кейіннен конспирологияны жақтаушылар Нұр-Сұлтандағы модульдік инфекциялық орталықтың фотосуретін covid-лагерь деп көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі орталықтың лагерь емес екенін және оның біреуді қамауда ұстау үшін емес, науқастарды емдеу мақсатында салынғанын түсіндірді.
Осылайша, біріншіден, Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялау заңсыз; екіншіден – елімізде жаппай эвакуациялау жүргізілмейді; үшіншіден, Қазақстанда концлагерьлер салынбайды, олар ел аумағында жоқ. Демек, таралған ақпарат – фейк.