Балалар үйінде мәжбүрлі вакцинация жүріп жатыр ма?
- 22.12.2021, 02:13,
- 595
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: әлеуметтік желі
Мессенджерлерде қазақстандық балалар үйлерінің барлық тәрбиеленушілері COVID-19-ға қарсы мәжбүрлеп егілгені туралы ақпарат таратылуда. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін де COVID-19-ға қарсы вакцинация ерікті түрде жасалады.
– Вакцинация балалардың ресми өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін COVID-19 қарсы 100% егу міндетті емес, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.