Жылдағыдай, соңғы қоңырау 25 мамырда сыңғырласа, ал аттестат тапсыру салтанаты 16-17 маусымда ұйымдастырылды.
Мамандардың айтуынша, бітіру шараларының барлығы да мектеп ішінде өткізілуі тиіс. Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, ата-аналар, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, облыстардың білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады. ⠀
Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өз күшімен ұйымдастырады. Мектеппен қоштасу кешіне аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды шақыруға, мерекелік дастархандарды ұйымдастыруға, жалға алынған автокөліктермен экскурсиялар өткізуге болмайды.
Сонымен қатар мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға және ойын-сауық мекемелерінде бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.